Автоклавты және автоклавты емес газоблоктың айырмашылықтары неде? - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Автоклавты және автоклавты емес газоблоктың айырмашылықтары неде?

Неге автоклавты газоблок?

Қуысты бетон материалдары пайда болғаннан бері газоблок, пеноблок және газосиликаттарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Осы құрылыс материалдарына деген сұраныстың артуы автоклавты емес қуысты бетондарды өндіретін жабайы өндірістердің тамыр жаюына жағдай жасады. Бірақ та мұндай өнімдердің сапасы ешқашан құрылыс материалдарына тән талаптарға жауап бермейді. Мәселе мынада: газоблок және пеноблок қуыс ұяшықтар түзу процесіне байланысты ғана ерекшеленеді, материалдардың кептірілуі бірдей, табиғи жағдайда өтеді. Ұзақ уақыт кептірілуіне байланысты автоклавты емес қуысты бетондардың беті тегіс болмайды, температураның өзгеруі, ылғалдылық және атмосфералық қысым автоклавты емес қуысты бетонды кезекті партиядан партияға өткен сайын өзгеше ете береді. Кейде бір партиядан шыққан блоктардың өзі әртүрлі беріктікке және жылусақтағыштық қасиетке ие болуы мүмкін. Мұның барлығы алдағы уақытта газоблоктан және пеноблоктан салынған тұрғынжайларды пайдалану барысында олардың қирауына және салқын болуына соқтыруы мүмкін.

Соңғы жылдары еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтануына байланысты автоклавты газоблок өндіретін зауыттар қарқынды түрде салына бастады бұл жоғары дәрежедегі техникалық сипаттары бар сапалы өнім өндіруге мүмкіндік берді. Дәлірек айтқанда кеуекбетонды қоспаны автоклавтау (жоғары температурадағы бу қысымымен) партиялап шығарылған материалдарға өзгермейтіндей қажетті сипаттар дарытты.

Автоклавты газоблок автоклавсыз газоблоктан не себепті артық?

Дәлірек айтсақ, автоклавты газосиликат қуысты бетонның барлық сипаттарын иеленген. Материалдардың бірдей тығыздығы жағдайында газоблоктардың жымдасу аралығының 1метрі 3мм, ал енді автоклавты газоблоктыкы 0,3 мм болады демек, бұл беріктіктің тікелей көрсеткіші. Оның үстіне жік үлкен болса, жарықтардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Блоктардың өзара бірдейлестіре орналастырылуы газосиликатқа керемет жылусақтағыштық және аязға төзімділік сипаттар дарытады.

Автоклавты процесстің басқарылуы қажетті сипаттары түгел, өлшемдері дәл газоблок алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автоклавты газоблок экологиялық жағынан таза және химиялық жағынан тұрақты, себебі онда барлық химиялық процестер толық аяқталған.

Автоклавты газоблок Автоклавсыз қуысты бетон
(Автоклавты емес газоблок, пеноблок)
Қолдан жасалып, синтезделген тас Тесікше ұяшықтары бар қалыптағы ерітінді
Жарыққа тамаша төзімділік, және аязға төзімділік, жоғары деңгейдегі құрылымдық беріктік, отқа төзімділік. Мына ерекшеліктері бойынша кем түседі
Геометриялық мөлшерінің дәлдігі жағынан Тіпті бір партияда шығарылғандарының мөлшеріндегі кемістіктерінің бары
Әрлеу жұмыстарының қажетсіздігі Сыртын әрлеу жұмыстарының қажеттілігі
Дайын өнімнің өн бойындағы ерекшеліктері мен сипаттамалары бірдей Бір партиядан шыққандарының сипаттамалары мен ерекшеліктері әрқилы
Жымдасу жіктері 1м-ге 0,5мм Жымдасу жіктері кем дегенде 1м-ге 3мм
Экологиялылығы Экологиялылығы

Әрине, автоклавты құрал-жабдықтардың құны және дайындау технологиясына қойылатын қатаң талаптар автоклавты газосиликаттың өз құнына сай баға белгілеуге мүмкіндік бермейді. Мұны енді жағдайға қарай шешу керек: жылусақтағыштық және беріктік сипаттарына қарай бір партиядан шыққан әртүрлі материалдарды сатып алу арқылы үнемдеу керек немесе артығырақ төлеу керек бірақ үйдің екі жылдан кейін шөгіп кетпеуіне, жарықтар түспейтініне, суық болмайтындығына, және таяудағы онжылдықтарда қандай да бір әуреге салмайтынына сенімді болу керек!


Достарыңызға хабарлаңыз:

X