Автоклавты газобетоннан тұрғызылған бөлік қабырғалар - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Автоклавты газобетоннан тұрғызылған аралық қабырғалар

Қандай да болсын үй ішінің кеңістігі аралық қабырғалардан тұрғызылады. Мұндай қабырғаларды берік әрі үнемді материал автоклавты газобетоннан өз қолыңмен де жасауға болады.

Аралық қабырғаларға қойылатын талаптар

Аралық қабырғалар көбінесе көтеруші емес қабырғалар болып табылады, яғни олар бір ғана қабат аумағының ішінде өз салмағын көтеретін ішкі аралық қабырғалар. Олар үй іргетасына немесе көтеру қабырғаларына (қабаттараралық, шатыр асты қабырғаларына) салмақ түсіреді. Осындай қабырғаларға қойылатын өзіндік бірнеше талаптар бар.

Осы аталған барлық қанағаттанарлық талаптарға сай материал ол – автоклавты газобетон.

Газобетонды аралық қабырғалар және олардың артықшылықтары

Газобетонды аралық қабырғалар

Аралық қабырғаларды тұрғызу үшін D 600 және жуандығы 100, 150, 200 мм газобетонды блоктар қолданылады. Жуандығын таңдау ол алдымен дыбыссақтағыштық негізіне байланысты болады. Сол ғана емес. Белгілі бір салмағына орай ол 150 мм кем болмауы қажет. Ұзын анкерді қолдануды қажет етеді, ол 150кг салмаққа шыдас береді. Сейсмикалық жоғарылық сақталған Алматыда қандайда болсын қабырға аралықты арматурлау керек.

Газобетонды аралық қабырғаның құрылымы (мастер-класс).

1. Жалпы ұсыныстар

Газобетонды аралық қабырғалар

Аралық қабырғаны өз қолыңмен жасау алдымен материалмен оған қосымша элементтерді сатып алудан басталады. Алдымен блоктарды, желімді ертіндіні, анкерлер мен құралдарды сатып алу керек. Қанша блок сатып алу қажеттігін ол: әрбір блоктың бүйір ауданын, оларды қабырғаға өлшеп алу керек, одан соң 3-4 блокты артығырақ алу керек.

2. Тасымалдау мен сақтау

3. Аралық қабырғаларды тұрғызуда блоктарды бірінші қатарға қалау

Блоктардың алғашқы қатарын ретімен қалауға арнайы көңіл бөлу керек. Алғашқы қатарды ретімен қалау үшін түзу горизонтальды бет керек. Осыдан кейінгі қатар осы бірінші қаланған қатарға сай өрбиді.

4. Қалаудың келесі қатарлары

Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары

Қалау жұмысының сапалы шығуы үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Ол жұмысқа жеңілдік береді. Ол әдістің бірі болашақ құрылыстың бұрыштарына ағаш рейка-қатарлағыштарды түзулік үшін қадаған дұрыс. Екінші және одан кейінгі қатарлардың қалануын блоктарды байлаумен салу керек. Келесі қалау қатарының жылжуы біріншісінен 20 см-ге кем болмау керек. Желімді блок бетіне жағу үшін күймешені (каретканы) қолдану керек. Ол қалау қатарының еніне сай плиткаларды қалағанда пайдаланатын тісті шөміш немесе тісті қарапайым қалақтар.

Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары

5. Ойықтарды жабу

Аралық қабырғадағы есік ойықтарын жабу үшін құрастырмалы және маңдайшаға арналған арнайы дайындалған монолит жабулар қолданылады. Маңдайша жабуларына сондай-ақ темір профильдер де қолданылады. Олар темір ұзындықтар мен темір бетонды болып келеді.

6. Дірілоңашалағыш аралық қабырғалар

Кей жағдайларда қойылатын қабырғаның дірілоңашалағыш қасиетін де есепке алу керек сияқты. Бұндай жағдайда аралық қабырғалар бірден қаланбай алдымен олар дірілжұтқыш жабындыларға қойылып барып қалануын қолға алып, құрылыстың негізгі конструкцияларына түсетін қатты қағысты шуды болдырмау үшін қолдану әдісі. Блоктарды монтаждаудан бұрын уақытша бағдарлаушы қойылып, оған монтаждалатын аралық қабырғаны тіреу қажет. Одан соң еденге жұмсақ не ДВП-дан, не пенополиэтиленнен, не пенополистиролдан, не қатты минплитадан, не тығындардан, немесе басқа желтолтырылған эластикалық материалдардан дірілжұтқыш жолақ тартылып, желімделінеді.

Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары

Сол жолақтарға аралық қабырғаның блоктары желімделеді. Блоктар мен негізігі қабырғаның арасына осындай дірілжұтқыш жолақтар тартылып, немесе олардың арасына қуыс қалдырылып, қуыстар одан соң монтажды көбікпен толтырылады. Әрі қарай қалау қатары кәдімгі аралық қабырға қалауы сияқты жүргізіледі.

7. Аралық қабырға қалауын арматуралау

Алматы сияқты жоғары сейсмикалық жағдайында 1-4-7-10 қатарларды арматуралау (яғни 600мм) қажетті шарт болып табылады. Сейсмикалық жағдайдың 6 балдығына дейін әрбір 3-4 қатардан кейін арматуралау жүргізіледі.

Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары
  • Ойыққа 8мм-лі периодикалық профильды арматураны пайдаланған жөн.
  • Ойыққа түскен арматураны қатты батыру керек. Артық желімнен арылту керек.
  • Жіңішке ойыққа арналған арматура желімге батырылған соң үстінен тағы да қосымша желім жағылады.
  • Аралық қабырғаны салуда блоктарды Қалаудағы келесі қатарлары
  • Өзекті(стерженьді) арматурамен қатар ойыққа арнайы арматура каркасын пайдалануға болады. Олар қос цинкілі жолақтан тұрады, жолақтар 1,5 мм жыланды сыммен байланыстырылған.
  • Егер сіз осының барлығын біздің ұсынысымызбен ереже бойынша жасасаңыз, автоклавты газоблоктан жасалған аралық қабырғалар сізге жылдар бойы ұзақ та мығым қалпымен қызмет етеді. Сіздің үйіңізге жанға жайлы жылылық пен жайлылық беріп, сізге үйдің қайталанбас құрылыс жоспарын толықтыра түседі.

    
    Достарыңызға хабарлаңыз:

    X