Үйдің сыртқы қабырғасын газобетонмен өңдеу - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Газобетоннан жасалған үйдің сыртқы қабырғаларын әрлеу

Газобетонның диффузиялық қасиеті мен оның жоғары буөткізгіштігі қабырғаның «демалуына», газды өткізіп, сулы буды іштен шығарады. «АЗАГ» зауытынан шығарылатын газобетонды блоктардың осы қасиеттері, газобетоннан салынған үйде тұратын тұрғындарға жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Үйдің сыртын өңдеуде алдымен газобетонтың жоғары буөткізгіштігі есепке алыну қажет. Осыған сай өңдеу материалдарын да таңдап, олардың өткізгіш қасиеттерін де ескеріп, ең бастысы қабырға құрылысына жарамдылығын негізге алу керек. Газобетонның тығыздығына орай оның буөткізгіштігі де түрліше болады. Мысалы «АЗАГ»-тың D600 тығыздықтағы газобетонының буөткізгіш коэффиценті 1,17 мг/ м ч Па-ға тең. Егер сіз үй сыртының қабырғасын өңдеуге D600 тығыздықтағы газобетонды таңдасаңыз, оның буөткізгіш коэффиценті 0,20 мг/м ч Па-дан аз болмауы керек.

Егер өңдеу материалы дұрыс таңдалмаса, ол қабырғалардың буөткізгіштік қасиетінің төмендеуіне алып келеді де үй тұрғындарының жайлылығы да төмен болады. Үй сырты «АЗАГ»-тың газобетонымен өңделетін болса, онда тек қана сыртқы қабырғаның буөткізгіш емес, ішкі қабырға да буөткізгіш болу көзделеді, егер ішкі қабырға буөткізгіш болмаса, онда бу ішке жинала береді де үй ішінде ылғал көбейеді

Үй қабырғасының сыртын өңдеуде газобетон болса қандай материалдарды қолдануға болады

Егер үй газобетонды блоктардан салынса, онда үйдің сыртқы қабырғасын пеношынымен, көбікті пластмассалармен қаптауға болмайды. Егер үй қабырғалары пенопластиролмен қапталса, онда қабырғалар буөткізгіштік қабілетінен айрылады да ол «демалмайды». Бұндай жағдайда үйге қосымша желдеткіш жүйесін орналастыру керек. Газобетонды қабырғаны полимерлі сылақпен сылауға болмайды, ауаөткізбейтін сырлармен сырламау керек. Оларды (алкидтімен, эмальмен) бояуға болмайды.

Үй қабырғасы «АЗАГ»-тың газобетонынан қаланса онда сыртқы қабырғаны желөткізгіш фасадтардан: сайдингпен, түрлі декоративті плиталармен, вагонкалармен, рейкалармен т.б қаптауға кеңес беріледі. Желдеткішіті материал ол газобетонмен байланысты болмайды, өйткені оларда бекітілген жүйе жоқ. Сондықтан венфасад буөткізгіштікке еш қатысы жоқ. Газобетонды қабырғаның сыртын орап жабу үшін, желдеткішті фасад қолайлы. Сыртқы қабырғаны сылау мен қуыстарды жамауға арнайы арналған қоспаларды қолданған жөн деп өндіруші кеңес береді

Газобетонды сылау үшін цементті известі пайдаланған дұрыс, ол негізінен жоғары адгезилікпен әсер етіп, жоғары буөткізштігі бар сондықтан ол отырыс бермейді,ылғалды аз жұтады, тез кебеді. Үйдің сыртын өңдеп сылауда негізгі талап оның буөткізштігі газобетоннан кем болмау керек. Жаңа газобетонды үйдің сыртын өңдеп сылауда жылтыр әйнекталшықты жібекұстағыш сылау торкөзін өткізіп барып сылау керек.

Газобетонды қабырғаны кірпішпен өңдеп жабу

Газобетоннан салынған үйдің қабырғасын өңдеу

Газобетонды үйдің сыртын кірпішпен орап өңдеуді қолдану жалпы үйге тартымды эстетикалық түр береді. Кірпішті қалауға жалпы фасадқа ұсқынсыздық түсірмеу үшін, өте қолайлы әрі сапалы қалау қоспасын таңдап алу қажет. Если планируется строить дом из газобетона с отделкой кирпичом, то следует предусмотреть расширение фундамента с таким расчетом, чтобы обеспечить опору кирпичной кладки. Кирпичная кладка выполняется с зазором 40 мм от газобетонной стены. Для улучшения вентиляции между кирпичной стеной и стеной из газобетона устанавливают вентиляционные отверстия под карнизным свесом и на уровне цоколя. Кирпичную кладку с газобетонной стеной связывают специальными гибкими связями, гвоздями или оцинкованными полосами, которые с одной стороны прибивают к газобетонным блокам, а с другой – укладывают в шов между кирпичами.

Фотода газобетоннан жасалған әрлеме кірпішпен үйдің өңделуі көрсетілген.

Газобетоннан салынған үйдің сыртын өңдемей қалдыруға бола ма?

Газобетоннан салынған үйдің сыртын бірінші жылы қаптамай солай қалдыруға болады. Газобетонды блоктар заводтан шыққанда 25-30% ылғалмен шығарылады. Бір жыл бойына газобетон кеуіп оның бойында тек 5% ылғал қалады. Ол ылғал материалдың бойында біраз қалады, келесі жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне, өңделуіне себеп болады.

Егер одан әрі сыртқы өңдеу жұмыстарын жүргізу қажеттілік бар ма?

Бұл негізінен эстетикалық мәселе. Егер қабырғалар өте ұқыпты қаланса, желімдердің ағулары болмаса, көпшлігі буөткізгіш гидрофобизатормен қабырғаны, жіктерді жабу үшін осыны қолданылады. Осы жағдайда үй әдемі ақ үй болып көрініс табады. Егер үй иесі үйге белгілі бір түс беріп түс гаммасын жасағысы келсе, онда буөткізгіш сылақ жүргізіп, сулдиспенсерлі бояумен бояу керек. Тек қана түрлі түс қана беріп қоймай фактураны да ыңғайлы қылуға болады.

Үй фасадтарын өңдеуге соңғы жылдары түрлі материал ұсынылуда. Олар майсқыш кірпіш, кірпіш, толтырылған тығындар. Толтырылған тығындардың буөткізгіштігі жоғары, ол газобетонды қабырғаның бетіне жағылып, оның алдында грунтовка мен тор салу жұмыстары болмайды. Аталған материал экологиялық тұрғыдан таза, ол ұсақ ағаш ұнтақтарынан акрилді қоспалар қосылу арқылы жасалған. Ағашты тығындардан жасалған материал газобетонды үйге қосымша дыбысөткізбес қасиетті береді.

Газобетонды қабырғалы үйдің ішін қандай материалмен өңдеуге болады?

Газобетонды қабырғалы үйдің ішін «демалғыш» материалдармен өңдеу қажет: буөткізгішті сылақтар түрлері мен гипстік негіздегі құрғақ қоспаларды, флизеленді, қағазды негіздердегі тұсқағаздар, судисперсиялы бояуларды қолдану керек. Сондай-ақ еске сақтау керек кафельді плиткалар газобетонды қабырғаның буөткізгіштік қалпын жауып тастайды. Сондықтан кафельді плиткаларды белгілі бір ас үй, жуынатын бөлме, дәретхананың белгі бір алаңдарына ғана қалау керек. Ішкі қабырғалардың аралық қабырғаларына буөткізгіштігі жоқ кафельді плиткаларды қолдануға болады.

Буөткізгіштік қасиеті бар материалдарды үй қабырғаларын өңдеу үшін қолданудың газобетондар үшін өзіндік маңызды ерекшелігі бар. Себебі ұсақ ұяшықты бетон материалынан тұрғызылған үй ағашты үймен теңесіп «дем алады». Сыртқа бу мен көмірқышқыл газды шығарады. Ал ішке оттекті ауаны енгізеді.

Сондықтан тағы да қайталап айтамыз үй ішін – буөткізгіштік материалмен, керісінше үйдің сыртын буөткізбейтін материалмен өңдеуге болмайды


Достарыңызға хабарлаңыз:

X