Автоклавты газоблокты дайындау технологиясы - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

+7 (775) 369-17-75
+7 (771) 718-18-61
+7 (727) 390-98-66

Астана автоклавты
газоблок зауыты

+7 (701) 733-99-59
+7 (707) 241-44-44
+7 (7172) 46-62-10

Қаз | Рус

Автоклавты газоблоктарды жасаудың технологиясы

Автоклавты газоблокты дайындау технологиясы

«АЗАГ» зауыты өз өндірісінде қазіргі кездегі жоғары класты жаңа жабдықтармен жабдықталған.

Автоклавты газоблок дайындығы шикізатты дайындаудан бастап, нақты рецепті мен оның өңделу процесін қатаң түрде сақтауды қажет етеді. Шикізаттық құрамы – ұнталған кварцты құм, портландцемент, жандырылмаған әктас, су, гипстік тастар қосындысы мен материалдың алюминилі газқұрылымдары, яғни ауа-қуысты құрылымды жасаушылардан тұрады.

Қоспа температурасы суық су мен ыстық судың дәл көлемімен реттеліп отырады. Араластыруы – 4-минут. Осыдан соң қоспа бірден көлемі 5.5м³ арнайы қалыптарға құйылады да осы кезде жоғары диспенсерлі алюминий сілтілі қоспамен қосылып сутегін бөліп шығарады. Осыдан соң көпіршіктер пайда болып, ол қуысты құрылымды қатайта түседі.

Қалып арнайы камераларға пісіп-жетілуге жіберіліп, онда қоспа 2-3 сағат қатаяды. Қоспа өңделудің жоғары дәрежесіне жеткізіліп болған соң ғана кесіп-бөлу кешеніне жіберіледі.

Өнім материалы арнайы машиналарда көлденең және бойымен сымды шектер көмегімен кесіледі. Артық қиылып қалған кесінділер мен қиындылар кері шламдарға өтіп қайта өңдеуге жіберіледі. Сапалы жабдықтар мен өндірістегі іске адалдылық газоблоктардың дәл өлшеммен жасалынып, жұқа әрі өте қиюластылықты ептілікпен қажет етілетін желімді құрылыс жүргізетін сенімді құрылыс материалы болып өндіріледі. Кесілген газоблоктар комплектациялық орынға жіберіледі. Осы жерде өнім массасы кешенді бөлімге ауысытырылып, онда жүк тиегіштерге тиеліп, автоклавтарға салынады.

Бұйымның автоклавты өңделуінде қатты бу беріліп 195°С температура мен 12атм қысымы жүргізіледі. Жылы ылғалмен өңдеуде газоблоктың беріктігі жоғарылап артады. Және оны қолдануда қосымша өңдеу қажет етілмейді. Өнім әбден өңделіп болған соң, сұрыпталып, дайын өнімдер қоймасына жіберіледі.


Достарыңызға хабарлаңыз:
X