Неліктен автоклавты газоблок таңдалады? - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Неліктен автоклавты газоблок таңдалады?

Неге автоклавты газоблок?

Соңғы жылдары жылусақтағыштық мемлекеттік мәртебе алғаны белгілі. Сондықтан жылусақтағыштық технологияны отандық экономикаға енгізу ең негізгі модернизациялау талаптарының бірі. Бұл өте қажетті талап – өйткені ай сайынғы жылуақы мен ыстықсу ақысына кететін шығын құнын төмендетуге әкеледі. Бұндай талап құрылыс жұмыстарында 1979 жылдан бері қолға алынып келеді.Ол үшін құрылыс нормалары мен ережелері деген жаңа заң да (СНиП) қабылданған болатын және ол бүгінгі күндері біржағынан шамалы толықтырулармен де қолданылып келеді. Осы уақыттан бері біздің өндірісіміздің міндетіне жаңа тиімді құрылыс материалдарын шығару жолға қойылу қажет еді. 90-жылдары біздің отандық құрылыс кешендеріміз шынтуайытына келгенде құлау жағдайында болып, жаңа құрылыс материалдарын өндіруге өндіріс құрылмады, осы жағдайлардан жаңа норма мен ереженің түзілуіне біз дайын емес едік. Кемшіліктің орнын толтыру үшін шапшаң түрде жобалау барысында осы нормаларды қайта қарауға тура келді. Жаңа құрылымдарды жасап оны жаңа материалдарды жасауға енгізу қажеттілігі тұрды. Осы кезде жаңа көпқабатты жылылау конструкцияларын жасау, жылыту үшін жылытқыш желдеткіштер мен ең негізігі қуысты кірпіштерді жасау міндеттері тұрды.

Қуысты бетон дегеніміз не?

Қуысты бетон (ячеистый бетон) дегеніміз өз алдына бірнеше бірдей ауалы қуыстарға таратылып жасалған жасанды тас (өзінің структурасы бойынша ті шоколадқа тым ұқсас). Бұл оған өте жағымды қасиеттер жинағын береді, басқа құрылыс материалдары біреуі де мұндайға ие емес. Қуысты блок өндіру технологиясы автоклавты, автоклавсыз болып екіге бөлінеді. Автоклавты технология күрделі және қымбат, бірақ ол өте жоғары технологиялық сипатта өндіріледі де қазіргі кездегі құрылыс талаптарына сай келеді. Автоклавсыз блоктарды өндіру қарапайым әрі арзан, пеноблокты өндіру автоклавты шығарылған материалмен салыстыруға келмейді. Көзді құрылымды блоктардың құралымы қуысты болып өндірілуінде олар газды және көбікті болып бөлінеді. Газоблок негізінен автоклавты технология әдісі бойынша өндіріледі, ал пеноблок соңғы кезде тек автоклавсыз болып шығарылып жатыр.

Қуысты бетон қайда қолданылады?

Қуысты бетон тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, ауылшаруашылығы нысандары мен өнеркәсіп құрылыстарына, откөздерінен қорғайтын құрылыстарды салуға пайдаланады. Ғимарат құрылысының негізігі қабырғалары мен каркасты қабырғаларын тұрғызуға қолданылады. Биік ғимараттарды салғанда темірбетон және құрышты каркаспен жымдастырылып қолданылады.

Өндірісі

Соңғы кезде тұтынушылардың талабы өскен сайын қуысты кірпішті қолдан өндірудің оның ішінде пеноблоктың шағын өнеркәсібі полистиролды кірпіш, газоблоктың автоклавсыз өнімдері көбейіп, олар тұтынушының біраз қажеттілігін жапқанмен, мықты сапалы өнімді шығаруға жете алмады. Сондықтан олардың өнімі жоғарғы төзімділікті бере алмайды, материалдың отырып деформациялануына әкеліп, ол жоғары ылғалдылыққа душар етіп, жылусақтағыш қасиетінен айырып, сапаны төмендеткен. Соңғы жылдардағы елдегі экономикалық жағдайдың түзелуі жаңа, қазіргі кездегі, жоғары технологиялы автоклавты кірпіш заводтарының салына бастауы – сапасы берік, әрі ең қатал талапқа сай өндіріс орны болды. Автоклавты технологияда – (12атм) жоғары қысым мен жоғары температурада (191оС) жағдайында өңдеуден өткен материалды басқа жағдайда осы дәрежеге жету мүмкін емес. Автоклавты газоблоктың автоклавсыз қуысты бетоннан айырмашылығы принципті түрде байқалады, барлық талап бойынша ол берік құрылыс материалы.

Неден салу керек?

Алдымен неден салу керек деген шешімді қабылдамас бұрын, үй құрылысының талапқа сай етілуін қадағалау, жаңа үйдің салынуын ойша санаға бекітіп алу керек.

Осыдан кейін енді ойлап көріңіз сіздің үйіңіз осы сапалардың қайсысына ие болады, егер түрлі-түрлі материалдан салсақ не болады, сондықтан да соңына дейін ойланып көріңіз. Егер қорытынды нақты болса, сіз басқадай адам ойына сыймайтын (ядролық соғыс жағдайындайындағы беріктікке, дүниежүзілік сутасқыны, вирусты қоздырғыштардың ендігі бір 50жылдықта құпия түрдегі генетикалық экспериментерден туған жаңа эпидемиясы кезінде және т.б.) , дегенмен де сіздің таңдауыңыз автоклавты газоблокқа тоқтайды. Дегенмен де, сіз, ұқыпты ойланыңыз, тіпті сынап қараңыз бірақ Ғаламтор көздеріндегі сатушылардың құрылыс материалдарын сатуындағы түрлі алыпқашпа сөздері мен кейбіреулердің өзіндік пікірлеріне тоқтала бермеңіз. Ғаламтор. Алдымен ұялы көзді материалдың өзі жөнінде сөз болу керек. Ғаламтордағы ақпараттың барлығы бірыңғай дұрыс жетімді емес. Көп жағдайда ашық түрде бірнеше ақпараттық нұсқаларда көз жеткізілмеген деректер түрлі сауда өкілдерінің тарапынан, бір сайттан бір сайтқа көшіп жөңкіліп жүреді. Сол сияқты шетелдік білгір мамандардың мақаласы ғаламтордағы аударма - бағдарламалары арқылы аударылып және ол стильдік жағынан дұрыс редакцияланбай әрі өндірістік маман тұрғысынан бір қаралмай ғаламторға орналасып жүргендері көптеп кездеседі. Нәтижесінде бастапқы дұрыс мақала көп өзгеріске ұшырап, тіпті, түсінік бере алмайтын нашар сападағы ақпаратқа айналғаны қаншама. Сондықтан ақпаратты іздеушілерге Дүниежүзілік ғаламтор желісінен емес, арнайы инженер-мамандардың кеңесін тыңдап, олар жазған құрылыс материалдары жөніндегі оқулықтар мен кітаптарды, арнайы басылымдарды оқып танысу қажет.

Автоклавтылық не береді? Неліктен автоклавты газоблок автоклавсыз газоблоктан жақсы?

Жаңа тоберморит минералының пайда болып, оның жоғарғы қысым мен температурада өңделуі, автоклавты өңделуде қуысты құрылымды жоғары төзімділікке жеткізеді. Автоклавты газоблоктың автоклавсыз газоблокпен салыстырғандағы басты артықшылығы – беріктік сипаттамасында, отырыс бермеуінде, ылғалды бойына жинамауында, автоклавтан өткен бойда сапасының беріктігі арта түседі. Автоклавты газоблоктың ағашпен қандай ұқсастығы бар? Автоклавты құрылыс материалының өзіндік ағашқа ұқсайтын жақтары бар:

  1. Жылуды өткізгіштігі төмен;
  2. Қарапайым құралдармен ағаш сияқты жеңіл түрде қолымен өңделеді;
  3. Экологиялылығы;
  4. Материал дем алады да буды қабылдағанмен оны бойына сақтамай шығарады. Ағашқа қарағанда ол отқа төзімді және іріп-шірімейді.

Автоклавты газоблоктан биік ғимараттар салына ма?

Автоклавты газоблоктан биік ғимараттар салу мүмкін бе? Биік каркасты құрылыс жүргізуде оның қабарғасын қанша салсаң да газоблокпен қалай беруге болады, өйткені автоклавты газоблок үй іргесі мен каркасына ауырлық түсірмейді, қайта қабырға ауырлығын жеңілдетеді.


Достарыңызға хабарлаңыз:

X