Жылы
Ең бастысы жылуды жоғалтпай сақтай алу қасиетінің жоғарылығында. Ағашты қабырғаға қарағанда, газоблокты қабырғаның жылуына 2 есе аз жылыту мөлшері қажет етіледі. Жай кірпіштен қарағанда газоблокты қабырғаның суынуы өте баяу болады.
Жеп-жеңіл
Газоблоктың үлес салмағы жай кірпіштен, күлдіблок (туфоблок) пен қалдықблоктан (отсевблок) (ұсақ тас, цемент, ірі құм) 1,5-2 есе аз. Жүк көтергіштер мүлде қажет етілмейді. Газоблокты сылауға арматуралауға, кесуге, оюға ыңғайлы.
Өртке қауіпсіз
От жалыны тисе де бой бермей ұзақ шыдас беруге қабілетті әрі жануға ұшырамайды, өртке оранса да қолданыстық қалпын өзгертпейді. Кеуекті құрылымының арқасында, будың бөлінуі қарқынырақ жағдайда іске асырылады.
Тиімді
Газоблокты пайдалану құрылысты арзандатады. Қабырғаны қосымша жылылауды талап етпейді. Әрі іргетасқа күш түсірмейді. Іргетасқа жеңіл болады. Құрылыс шапшаң жүреді. Геометриялық тұрғыдан қабырғалардың мінсіз қалануы, қабырғалардың әрі қарай дұрыс өңделуіне негіз болады.
Экологиялы
Газоблок — ең қарапайым ингредиенттер: құм, әк және цементтен құрылған экологиялық қауіпсіз материал. Жылдың қай мезгілі болмасын газоблоктан тұрғызылған үй тұрғындарды жайлы микроклиматпен қамтамасыз етеді. Денсаулығын күткендер газоблокты таңдайды.
Берік
Газоблок жан-жақты параметрлігі жоғары көрсеткіштерге ие. Бес қабатты зәулім үй тұрғызуға толық жарамды. Аталған құрылыс материалы – ауа райы температурасының құбылмалылығына, қатты желдің күшіне, бірден бір төтеп беретін берік әрі сенімді материал.
Аязға төзімді
Аязға төзімділігі сондай кеуектік қоры бойына су мен мұзды дарытпайды. Мұндай әсерлерден материалдың бүлінуі болмайды. Құрылысты жүргізу технологиясын сақтау материалдың аязға 25 циклды төзімділігін арттырады.
Ылғалға төзімді
Газоблок ылғалға төзімді. Газоблок негізінен табиғи минералдан тұрады әрі кеуекті құрылымды болып келеді де, сыртқы ортаға ылғалды тез шығарып, ешқандай өзгеріссіз физика-техникалық қасиеттерін сақтап қалады.
Серіктестер |