Компания туралы - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Компания туралы

Біздің мақсатымыз

Тұрғызылатын үйдің, әкімшілік үйлерінің және өнеркәсіптік объектілердің жоғары сапалы материалдарды өндіру және зауыттарды кәсіби шеберлікпен ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.

Өндіріс туралы

2015 жылы Алматы және Алматы облысы бойынша аса ірі газоблок блоктарын өндіруші болып табылатын, автоклавтық жолмен қатырылатын газоблок өндіретін жоғары технологиялы, толық автоматтандырылған бірден-бір мекеме Алматы автоклавтық газоблок зауыты пайдалануға берілді. Линияның жылдық өндірістік қуаттылығы 100 мың текше метр болса, ал тәуліктік өнімділігі 300 текше м. Жаңа өндіріс газобетон кірпіштердің әр түрін шығаруға одан әрі мекеме есебінен жаңа аралас өндіріс түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2016 жылы өндірістік қуаты жылына 100 000 текше метр өнім беретін және тиімді технологиялық линиясы бар Ақмола автоклавты газоблок зауыты пайдалануға берілді.

Алматы қаласында 2020 жылы автоклавты газоблок блоктарын шығаратын 2-ші зауыт іске қосылды. Зауыт Wehrhahn фирмасының өте жоғарғы технологиялық неміс жабдықтарымен жабдықталған. Желінің өндірістік қуаттылығы жылына 200 мың м3-ден астам өнімді құрайды, ал күнделікті өнім шығару 600 м3 құрайды. Жаңа өндіріс қысқа мерзімде ірі әзірлеушілердің де, жеке тұтынушылардың да қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Өндірістік алаң

Бірінші Алматы зауыты Алматы қаласында (Алматы қаласының Индустриалды аймағы) орналасқан.

Алматыдағы зауыт Алматыдан 15 шақырым жерде (Алматы облысы) Қаскелең қаласында орналасқан.

Ақмоладағы зауыт Астана қаласындағы Сарыарқа ауданында орналасқан.

Жаңа өндірістік корпустарға құрал-жабдықтар қондырылған. Мекеменің өндірістік алаңдары ішкі автомобиль жолдарымен қамтылған және дайын өнімдерді сақтауға арналған маусымаралық үлкен алаңдары бар.

Өндірістік технология

Дәл қиюласатындығы, өте беріктігі, жылусақтағыштығы, зиянсыздығы және салмағының жеңілдігі автоклавтық газоблоктардың жоғары сапалылығының көрсеткіштері болып табылады. Осы өлшемдерге жету үшін біздің технологтар Германияның және Ресейдің технологтарымен бірлесе отырып Қазақстанның шикізат базасының ерекшеліктеріне сай газоблок өндіру ережелерінің жиынтығын ойлап тапты. Біздің технологтар командасы әлемде автоклавты газоблоктар өндірісіне қатысты жаңалықтар мен жаңашыл ұсыныстарды әрқашан біліп отыру үшін Ресейдегі, Германиядағы, Белоруссиядағы автоклавты газоблок бұйымдарын өндіруге арналған конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып тұрады.

Сапаны бақылау

Қазіргі заманғы зауыттық лабораторияның болуы шикізатқа анализ жасаудан бастап дайын өнімге дейінгі аралықты қамтитын өндірістің барлық буындарындағы сапаны тұрақты бақылауға мүмкіндік береді. Өндірістік циклде тек қана экологиялық жағынан таза шикізаттық материалдар – топырақ, әк, цемент, су және алюминий пастасы пайдаланылады. Барлық шығарылатын өнім ГОСТ 313600-2007 және ГОСТ 31359 – 2007 талаптарына сәйкес келетіндігі сәйкестік сертификаттары және сынақ хаттамаларымен дәлелденген.


Достарыңызға хабарлаңыз:

X