Газоблок пен пеноблоктан қайсысы жақсы? - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Газоблок пен пеноблоктың қайсысы жақсы?

Қуысты газоблоктан жасалатын құрылыс материалдарының газоблок, пеноблок деген сияқты сондай-ақ, одан басқа автоклавты және автоклавты емес деген аталымдары кеңінен тараған. Түсінік бере кетейік.

Қуысты бетон - құрылымына сай бойы толып жатқан тесікшелерден тұратын (ұяшықтар) материалдың жақсартылған физика-механикалық ерекшеліктері бар жеңіл бетондардың жалпы атауы.

Газоблок пен пеноблок

Тесікшелерінің пайда болу ерекшеліктеріне қарай газоблоктар төмендегіше бөлінеді:

Қатаю жағдайына қарай бетондар:

Газоблок пен пеноблоктың өзіндік құрамынан бастап, аяқталуына дейін физика-техникалық және пайдаланылу сипаттарына қарай әртүрлі өлшемдер бойынша бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.

Пеноблок пен газоблоктың өндірілуі: айырмашылықтары

Пеноблок бетон қоспаларды және арнайы көбіктендіргіш үстемелерді араластыру арқылы жасалады. Пеноблокқа арналған көбіктендіргіш синтетикалық немесе органикалық сипатта болуы мүмкін. Пеноблок өндірген кезде қоспаны арнайы дербес пішінді қалыптарға құяды және ол қатайғаннан кейін дайын пеноблоктарға айналады. Пеноблок табиғи атмосфералық жағдайда қатая береді және беріктене түседі. Пеноблокты арнайы формаға келтіретін қалыптарға құймай бірден алмалы-салмалы құрастырылып қойылған ұзын қалыптарға да құюға болады (сонда монолитті пеноблок түзіледі).

Автоклавты газоблоктың пеноблоктан айырмашылығы зауыт жағдайында өндіріледі. Газоблоктың құрамында ешқандай көбіктендіргіш химиялық қоспалар жоқ толықтай минералдық шикізаттардан тұрады. Газоблок өндіруге арналған құрамдар: топырақ, әк, цемент, гипс, су және газдандыратын алюминий пастасы (немесе опасы). Газоблоктағы ұяшықтардың пайда болуына мүмкіндік беретін водород химиялық реакция жолымен түзіледі.

Газоблок алдын-ала қатырылғаннан кейін жеке блоктардың үйлесімді геометриясының сақталуына кепілдік беретін арнайы сымдар арқылы кесіледі. Бұл газоблоктарды қаластырған кезде жіктердің пайда болуына мүмкіндік бермейді және салқын ауа өтетін жолдарды бітейді.

Автоклавты газоблок автоклавтағы жоғары температура мен үлкен бу қысымының нәтижесінде түбегейлі беріктікке ие болады. Автоклавирлеу кезінде барлық құрамдық бөлшектері толықтай реакцияланады және материалдың гидросиликаткальций әсіресе тоберморит сияқты ерекше жаңа кристалл торы түзіледі.

Сапа тұрақтылығы

Автоклавты газоблок ірі өндіріс орнында дайындалады және құрылыс алаңына дайын блоктар күйінде жеткізіледі. Автоклавты газоблокті қарабайыр әдіспен дайындау мүмкін емес оны даярлау барысында бір мезетте бірнеше ондаған үдерістер мен өлшемдерді бақылауда ұстап отыру қажет. Қазіргі заманғы автоклавты газоблок өндіретін зауыттар жоғары дәрежеде автоматтандырылғандықтан (95%) өндірістік үдерісте адам факторының рөлі жоқтың қасы. Автоклавты газоблоктың мемлекеттік стандартқа сай өндірілетіндігі сынақ хаттамалары, сапа сертификаты арқылы бекітілгендіктен тұтынушы оның талапқа сай екендігіне сенуіне болады.

Пеноблоктан дайындалатын блоктар құрылыс алаңдарында да даярлана береді шын мәнінде оны өз қолыңмен жасай салуға да болады.

Бір қарағанда пеноблоктардың бір артықшылығы оны өндіру үшін үлкен зауыт және көп қаражат салу қажет етілмейтіндіктен, бағасы да арзан болады. Бірақ бұл артықшылық па екен? Пеноблок өндірісінде шикізат сапасына бақылау жасалмайды, дайын өнімнің сапасын анықтайтын лабораториясы болмайды осыған орай технологиялық ауытқушылықтар кездесуі де ғажап емес. Шындығына келгенде бұл сапасы тұрақсыз қарабайыр өндіріс.

Беріктігі

Пеноблокты немесе газоблокты 300-ден 1200 кг/м3 дейінгі әртүрлі тығыздықта даярлайды. Пеноблок физикалық сипаты және бірдей тығыздықтағы беріктігі жағынан да автоклавты газоблокке жетпейді. Одан басқа пеноблоктың беріктік көрсеткіші оның көбіктүзгіштік сапасына байланысты болады, пеноблоктың өндірілу әдісіне сай өндірушілер де пеноблоктың өзіндік құнын арзандатуға тырысады сонымен бірге көбіктүзгіштің қымбат түрінің орнына көбінесе оның арзан көшірмелері пайдаланылады. Бұдан бұрын байқалғанындай пеноблоктың беріктік көрсеткіші тұрақсыз және әр қырынан қарағанда әртүрлі ерекшеленіп тұрады ал автоклавты газоблок болса бүкіл көрсеткіштері бойынша тұрақты бірыңғай материал.

Кебу кезіндегі отыруы

Пеноблокты қалауда жарықтардың пайда болу қаупі жоғары. Бұл пайдаланылуда аса маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылатын кебу кезіндегі кішірею көрсеткіштерінің автоклавты газоблокта пеноблоктермен салыстырғанда аздығына яғни 0,5 мм-ден аспайтындығына байланысты. (пеноблоктарда бұл көрсеткіш 1-ден 3 мм-ге дейінгі аралықты құрайды).

Экологиялылығы

Автоклавты газоблок мүлде жел-су өтпейтін экологиялық материал болып табылады. Соған байланысты автоклавты газоблоктан салынған үйде қашанда ағаштан салынған үй сияқты тұруға лайықты микроклимат болады. Газоблок минералды шикізаттан жасалады сондықтан шіруге бейім емес қайта керісінше тұрғынжай ауасындағы ылғалдылықты реттеу қасиетіне байланысты оның бойында зең саңырауқұлақтары мен өңездер пайда болмайды.

Пеноблок көбінесе топырақ, күл, ұсақ тастардың қалдықтары сияқты жергілікті шикізаттан жасалатындықтан, көбіктудыру үшін химиялық қосындылар пайдаланылады бұл пеноблоктен салынған үйдің экологиялық тұрпатын төмендете түседі.

Геометрия

Автоклавты газоблоктің геометриялық мөлшерінің дәлдігі мемлекеттік стандарт талаптарымен реттеледі, рұқсат етілетін ауытқушылық мөлшері ұзындығынан 3 мм, енінен 2 мм-ге дейін, қалыңдығынан 1 мм болса пеноблокта қалыңдығы жағынан геометриялық мөлшерден ауытқушылық 5 мм-ге дейін барады. Пеноблоктың геометриялық ауытқушылығы өндіріс технологиясының жалаңдығына байланысты: қалыпқа құйған кезде дәл геометриялық өлшемін сақтау мүлде мүмкін емес және кесу технологиясын қолданған кезде кірпіштердің линиялық мөлшері өндірістік линияның сапасына тәуелді болады.

Пеноблоктардың геометриялық мөлшерден ауытқушылығы қаланатын қабырғаның сапасын бірнеше өлшем бойынша төмендете түседі:

Сусіңіргіштігі

Пеноблок өндірушілер пеноблок көбінесе ылғал сіңірмейді дегенді жиі айтады тіпті пеноблок суға салса батпайды деген мысал келтіреді, ал газоблоктар болса өте күшті сусіңіргіштік қасиетке ие. Түсіндіріп көрейік.

Біріншіден, автоклавты газоблокты суға салып көрейік. Ол да ұзақ уақыт суға батпайды.

Екіншіден, кірпіштердің суға батпайтындығы құрылыс салғанда оның тікелей қолайлылығын айқындамайды.

Екі материалдың екеуі де торкөз тесіктерден тұратындықтан белгілі дәрежеде ылғал сіңіретіндігі айқын.

Рас, газоблоктың пеноблокқа қарағанда сусіңіргіштік қасиеті басымдау бұл пеноблоктың тесікшелері жабықтығына ал газоблоктың тесікшелері ашық және жабық түрлері болуына байланысты.

Сайып келгенде екі материалдың да су сіңіргіштік (гироскопиялық) қасиетіндегі айырмашылықтар көп емес: газоблоктың ашық тесікшелі және жабық түрлері болуына байланысты судың газоблоктың бойына өтуіне жабық қабаты кедергі жасайтындықтан ылғал кірпіштің бойына тереңдеп ене алмайды.

Пеноблоктың тағы бір «артықшылығын» есепке алмай болмайды: тек жабық қуыстықтардың болуы теріс жағы да бар:

  1. жабық қуыстықтар пеноблоктың ылғалды енгізбеуімен бірге ауаны да кіргізбейді, демек материалдың ауа өткізгіштік қасиеті жоқ. Бұл пеноблоктан қаланған қабырғалардың «демалмайтындығын» байқатады, пеноблоктен салынған үй газоблоктен салынған үйге қарағанда жайсыз болатындығын көрсетеді.
  2. жабық қуыстықтар пеноблоктың материалында төмен температура кезінде жарықтар пайда болуына әкеледі: сыртқы қабаттың ылғал кезінде, мұздаған су көлемі ұлғайып пеноблокты жарады. Тап сондай жағдайда газоблокта жарықтар пайда болмайды, себебі, мұздаған су таралып орналасатын ашық (резервті) қуыстықтардың баршылығынын әсерінен болады.

Газоблоктың немесе пеноблоктың жылусақтағыштық қасиеттері

Газоблок пен пеноблоктың тығыздығы олардың жылусақтағыштық қасиеттеріне тікелей әсер етеді материал тығыз болған сайын оның жылусақтағыштық қасиеттері де төмендей береді. Жұқа пеноблоктар керемет жылусақтағыш материал бірақ салмақ түсетін қабырғалар қалыңдықта болуды талап ететіндіктен амалсыздан материал «салқындай түседі». Газоблоктен тұрғызылған қабырғалар 45-50 см қалыңдықта осындай жылусақтағыштық қасиетке ие бұл үшін D 400 – D 500 тығыздықтың өзі жеткілікті. Осының өзінен көрініп тұрғандай газоблок пеноблокке қарағанда аз салмақта бола тұра беріктігі мен жылусақтағыштығы жағынан үздік көрсеткішке ие.

Газоблок пен пеноблоктың қайсысы артық-қорытындылайық.

  1. Пеноблок немесе газоблок - бұлар қуысты бетонның түрлері.
  2. Автоклавты газоблок автоклавты өңделуінің арқасында физикалық, техникалық өлшемдері жағынан пеноблоктан асып түседі.
  3. Автоклавты газоблок пеноблоктан жеңіл бола тұра жоғары дәрежедегі беріктігімен ерекшеленеді.
  4. Газоблок - табиғи бейімділігімен ерекшеленетін материал, газоблоктан қаланған қабырғалар «демалады», ал пеноблок блоктар ауа алмасуға кедергі келтіреді.
  5. Автоклавты газоблок блоктар пеноблоктан дәл пішілген мөлшерімен, бетінің тегістігімен ерекшеленеді.
  6. Пеноблоктан салынған құрылыста қаланған қабырғалардан суық өту тәуекелі жоғары әрі бүкіл үйде жылылықтың сақталуына кері әсер етеді.

Пеноблоктан үй салу бір қарағанда ғана арзан болып көрінеді. Осыған орай пеноблоктың нашар қиюласатындығын, газоблокпен салыстырғанда жылусақтағыштық және беріктік көрсеткішінің нашарлығы, қалауға және тегістеуге қажетті материалдарға кететін үлкен шығын пеноблоктан құрылыс жүргізудің пайдасы шамалы екендігін көрсетеді.


Достарыңызға хабарлаңыз:

X