Газоблоктардың санын қалай есептеуге болады? - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Газоблоктардың санын қалай есептеуге болады?

Газоблоктардың санын қалай есептеуге болады?

Біз газоблоктардың стандартты мөлшері 300 х 300 х 600мм екенін білеміз. Кәне, есептеп көрейік: 10х10 м және қабырғасының биіктігі 3 м болатын бір қабатты үй салуға қанша блок кетеді екен.

Бірінші кезекте қабырғаның қалыңдығы қандай болатындығын анықтап алу керек. Ол 20см, 30см, 35см немесе 40см болуы мүмкін.

Түсінікті болу үшін қабырғасының қалыңдығы 300мм болатын ең көп тараған нұсқаны алайық.

Газоблоктарды есептеу:

  1. Қабырғалардың ұзындығын яғни сыртқы қабырғалардың периметрін есептейміз: 10м + 10м + 10м + 10м = 40м.
  2. Одан әрі қарай қабырғалардың ауданын анықтап оны ұзындығы мен биіктігіне көбейтеміз: 40м * 3м = 120м2.
  3. Осы алаңнан есіктер мен терезелердің ойықтарын шегеру керек: мысалы бұл 10м2 : 120м2 – 10м2 = 110м2.
  4. Енді бізге 1м2-қа қанша блок кететіндігін білу керек. Бір блоктың ауданын есептеп аламыз: 0.3 х 0.6 = 0.18м2. Сонда бір шаршы метрге: 1 : 0.18 = 5,55дана газоблок қажеттігі айқындалады.
  5. Тұтас үйге: 110м2 х 5,55дана = 610,5дана қажет болады. Ал тұтастай алғанда үйге 611дана газоблок қажет.
  6. Ал егер газоблок текшеметрмен сатылатын болса сатылатын болса ше? Онда бізге жеке блоктарды текшеметрге шағу қажет. Бір блоктың көлемі: 0.3 х 0.3 х 0.6 = 0.054м3. Көбейтеміз: 611 х 0.054 = 33м3.

Бұл есеп-қисапта қалауға пайдаланылатын ерітіндінің жіктердегі мөлшері есепке алынған жоқ. Бірақ біз кез-келген құрылыс материалдарын артығымен алу керек екенін білеміз ғой себебі біз оны запас материал ретінде сындыруға және кесуге пайдаланамыз.

Шатырдың құрылымдық ерекшелігіне қарай фронтонына қосымша блоктар қосу қажет болуы мүмкін.

Осындай жолмен ішкі қабырғалар мен аралық қабырғаларға да қанша блок кететінін есептеп шығаруға болады.


Достарыңызға хабарлаңыз:

X