Газоблоктан үй салудың кезеңдері - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp

Газоблоктан үй салудың кезеңдері

Газоблоктан үй салудың кезеңдері

Қазіргі үйлердің құрылысында көбіне автоклавты газоблок қолданады. Өйткені өз алдына көптеген сипаттамаға ие, өзге құрылыстық материалдардан ерекшеліктері мынада:

Сіз осы мақаладан газоблоктан үй салудың кезеңдерін білесіз.

Газоблоктан қалай үй салуға болады?

Газоблоктан кезең бойынша үй салу басқа құрылыс материалынан салынатын үйлерден еш айырмашылығы жоқ. Үй салудың белгілі бір кезеңінде кейбір ньюаныстарды мейлінше ескеру қажет.

Іргетас

Газоблок өз алдына көлемді құрылыс материалы ретінде қолдану жоғары сипатқа ие. Бір газоблоктың салмағы өзінің типтік өлшемінде 8-ден 40кг құрайды. Салмағына қарамай іргетасты мықты қалау қажет. Шамалы қиыс топырақтың жиналуына әкеліп соғады да, жарықтың пайда болуына әсер етеді. Үй іргесі негізінен бетоннан құйылу керек. Егер үй жобасында жоғары қабаттар болса, онда үй құрылысын газоблоктан қалау үшін міндетті түрде армирлі белдік тартылған ленталы іргетас құйылу қажет. Сонымен қатар үйді құрғақ ұстау үшін жауған жаңбыр мен еріген қар суынан сақтандыру үшін іргетас жасарда дренаж жүйесі мен су жолдарын да жобалау қажет.

Қалау

Үй құрылысында газоблоктың ең алғашқы қалау айналымы басты маңызды кезең. Сондықтан аталған алғашқы қалау айналымын өте ұқыпты және мейлінше ұсынақты болу шарт. Әрі осы алғашқы қалау айналымында іргетас пен қалау арасындағы жоғары тұстан көрсетілген ылғалдан қорғау жабуларды (гидроизоляция) жасау міндетті түрде іске асырылуы керек.

Үй қабырғасын ылғалдан қорғау үшін түйілген (рулонды) арнайы материалды немесе арнайы құрғақ езбені пайдаланған жөн.

Қалау жұмысы мейлінше түзу әрі ұқыпты жүргізілуі қажет (ауытқу 20-мм аспауы қажет). Сондықтан газоблокты цемент пен құм қосылған қоймалжын түзеуші қабат үстіне еппен түзу қалау керек. Осыдан соң қалаудың түзулігін байқау үшін лазерлі нивелирмен құрылыстың маятник ілінген газоблоктың тұсын дәлдеп орналасуын тексеру керек.

Келесі қалау айналымын бастау үшін алдымен цемент пен құм қосылған қоймалжынның бірігіп мықты жабысуын қадағалау керек. Келесі қалау ретін бастау бұрыштан басталады. Ал газоблокты енді арнайы желімнің үстіне қойып қалау керек.

Желім

Желімді дайындау үшін құрғақ желімге суды аздап қосып отырып, араластырып езіп, дайындау қажет. Желімді миксермен немесе дрельмен 2 минут ішінде екі рет, арасына 10 минут салып қалау алдында араластырып алу керек.

Арматуралау

Қалаудың екінші қабатынан бастап және әрбір үшінші қалау айналымында биіктік бойынша арматуралауды жүргізу қажет. Ол үшін газобетон блогына 25х25мм өлшемдегі тереңдік жасап алу керек. Егер газоблок жуандығы 200 мм болса, онда екі тереңдік жасалу көзделеді. Одан соң оның іші әбден тазаланып сүртіліп, ішін 2/3 биіктікпен желімді толтыру жұмысы жүргізіледі. Арматуралау үшін 8мм құрыш темір ойғыштарды мықты басу үшін қолданылады. Арматура толықтай желімді қоспаға батуы қажет.

Бөгеттер мен ораумалы белбеулер

Қабырғалардағы қуыстар мен бөлме аралық қабырғаларды және арматуралы монолитті белдеулерді жабу үшін жылжытуға көнбейтін сапалы U-блокты қолдану керек. Бұл жалпы құрылыс аумағының мықты болып сақталуына және темірбетонды құрамалы жабындылар мен ағашты арқаулардың бірдей жүк болып бөлінуіне көмектеседі.

Сонымен қатар U-блокгы іргетасты даярлауда темір бетонды қалыптар жасау үшін қолданылады. Ауырлық жүктің қаншалықты болатынын есептеу үшін – бетонның кластық дәрежесі мен арматураның диаметрі есепке алынады.


Достарыңызға хабарлаңыз:

X