Өнім - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp


Өнім

Қабырға блоктары

Жігі тегіс стандартты блоктар газоблок блоктардың ішіндегі әсіресе кең тараған түрі болып табылады. Әсіресе кедір-бұдыр қабырғаларды түзеуге өте қолайлы себебі оның құрамы көлденең және тік жіктерді оңай жабады.

Бірінші кезекте кәсіби құрылысшыларға арналғандықтан үлкен объектілерді (биік монолитті құрылыстарды, өндірістік құрылыстарды) және жекеменшік үйлер мен коттедждерді тез тұрғызуға мүмкіндік береді.

Қабырға блоктарының өлшемдері

  • Ұзындығы: 600 мм
  • Биіктігі: 300 мм
Маркалары АЗАГ блоктарының қалыңдығы
200 мм 250 мм 300 мм 400 мм
D400
D500
D600

Аралық қабырғаларға арналған блоктар

Ғимараттар ішіндегі бөлмеаралық қабырғаларды тұрғызу үшін шығарылған.

Мұнда газоблоктың барлық артықшылықтары: беріктігі, мүлде дыбыс өткізбейтін ерекшелігі, жоғары дәрежедегі бу өткізгіштігі топтастырылғандығымен қоса аралық қабырғалар үшін қажетті қалыңдығы да бар.

Сонымен қатар аралық қабырғалар үй-жайды безендіру мен әрлеуде оның ішінде подиум, колонналар тұрғызғанда белсенді түрде қолданылады және т.б...

Бөлмеаралық қабырға блоктарының өлшемдері:

  • Ұзындығы: 600 мм
  • Биіктігі: 300 мм
Маркалары АЗАГ блоктарының қалыңдығы
100 мм 150 мм
D400
D500
D600

Жылытқыш

АЗАГ сіздің назарларыңызға үйілетін жылытқыштардың жаңа буынын ұсынады. Жылытқыш қуысты газоблоктың ұсақталған ұнтақтарынан жасалады және бу өткізгіштік сонымен қатар жылу және дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол жанбайды, зең саңырауқұлақтарының пайда болуына бой бермейді және көгеріп кетпейді. Материал адам және қоршаған орта үшін қауіпсіз. Жылытқыш ішкі және сыртқы жұмыстарға жарай береді. Керамзиттің жақсы әрі арзан ауыстырғышы болып табылады.

Газоблоктан жасалған үйілетін жылытқышты төмендегіше пайдалануға болады:

  • Еденнің астына, шатыр жабындыларының астына және көпқабатты шектеулі құрылымдардың қуыстарына жылу сақтайтындай етіп үю [Rтр = 4,6м2 С◦ Вт кезінде (жабуға арналған) үйіндінің қалыңдығы 0,6м құрайды];
  • Жазық шатырлардың астына түйетайлы етіп үю;
  • Коммерциялық мақсатта тұрғын жайға жапсарластыра салған үй-жайдың жабындыларын дыбыс өткізбейтіндей етіп тығыздап үю;
  • Құрылғыларды бір-біріне жақындатып, тұтастандыру және даяр бетон өнімдерін қолдана отырып су ұстағыш толтырғыш ретінде пайдалану;
  • Майларды, мұнай өнімдерін қышқыл және сілтілердің төгілген қалдықтарын жою үшін сорбента ретінде қолдану;
  • Әсіресе, жол және әуеайлақ жабындарының, құм қабатының үстіне төселген ұсақ тастар қабатын жылы ұстау және дренаждау;
  • Ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруда суды үй жанындағы аумақтан бұрып жіберетін құрылғы, дренаждық материал ретінде пайдалану.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

Фракция, мм 0-40
Үйінді тығыздығы, кг/м3 (артық емес) 400
Есептелген жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м ◦С 0,12
Беріктігі (цилиндрде жаншу), Мпа (кем емес) 0,5
Жанғыштық тобы НГ

Достарыңызға хабарлаңыз:

X