Шағын қабатты құрылыстар (коттедждер мен үйлер)
Соңғы жылдары шағын қабатты үйлер салу қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде көптеген жанұя қаладан алыстау жерде жеке үйде тұруды қалайды. Ол үшін экологиялық орта мен кең жайлы тұрғын үй болуын қалайды. Жылдың барлық мезгілінде болмасын осындай үйлерде тұру үшін жеке үйлер тұрғызудың пайызы өсе түскен. Ал коттедж құрылысында энерго тиімділігі бар қабырға материалдарымен құрылыс салу ең негізгі мәселе болып отыр. Жылы, жайлы экономикалық жақтан тиімді үй салу үшін автоклавты газоблоктарды пайдалану – ең мықты шешім болып табылады.
Қала сыртынан үй мен коттедждерді газоблоктан салу
Бір-екі не үш қабатты газоблоктан жеке үй салу қазір кеңінен таралуда. Газоблок өзінің құрылымына қарай аз ғана жылуды жібергенімен үй ішін жайлы микроклиматпен қамтамасыз етеді, әрі жылытуға кететін шығынды біршама азайтады. Газоблокты «тас ағаш» деп те атайды, өйткені аталған материал өз болмысында тастың да, ағаш пен кәдімгі кірпіштің де жан-жақты әмбебап өлшемін көрсете алғандықтан құрылыс материалы ретінде қолданылады. Газоблок жайлылық тұрмысты берумен қатар, тағы да басқа қажеттіліктерді өтей алады. Коттедж құрылысында және одан әрі пайдалануда:
- Аязға төзімділігі
- Отқауіпсіздігі
- Ұзаққа жарамдылығы
- Мүлде дыбыс өткізбейтін қасиеті
- Тез салыну сапасы және үнемділігі
Газоблоктан қалай үй салуға болады?
Газоблок блоктардың үлкен размері және оның үйлесімді геометриясы құрылыстың тез салынуын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық құрылыс материалы болып табылады. Жұқалығы 1 мм-ден аспайтын желімді қабатының арқасында блоктар бір-бірімен жымдаса қиюласып құрылымның беріктігін қамтамасыз етеді. Газоблоктан үй салу барысында оның басқа қабырғалық материалдардан арзан болуы желімді материалдарға шығынданбау бұл материалдың экономикалық тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар тез құрастырылатындығы (1 газоблок блоктың қалануы 20-25 кірпіштің қалану уақытына пара-пар) жұмыс күшін пайдалану шығынын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қала сыртындағы үйді газоблоктен салыңыздар, себебі бұл ғажайып материал бір маусымның ішінде ғана қарапайым, талапқа сай және ұзақ жылдар бойы жайбарақат тіршілік етуге жарайтын құрылыс тұрғызуға мүмкіндік береді.