Жылытқыш Алматы, Астана, Қазақстан - АЗАГ

Алматы автоклавты
газоблок зауыты

Астана автоклавты
газоблок зауыты

Қаз | Рус

Prueba WhatsApp


Жылытқыш

АЗАГ сіздің назарларыңызға үгілген жылытқыштардың жаңа буынын ұсынады. Жылытқыш қуысты газоблоктың ұсақталған ұнтақтарынан жасалады және бу өткізгіштік сонымен қатар жылу және дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен ерекшелененеді. Ол жанбайды, зең саңырауқұлақтарының пайда болуына бой бермейді және көгеріп кетпейді. Материал адам және қоршаған орта үшін қауіпсіз. Жылытқыш ішкі және сыртқы жұмыстарға жарай береді. Керамзиттің жақсы әрі арзан ауыстырғышы болып табылады.

Газоблоктан жасалған үгінді жылытқышты төмендегіше пайдалануға болады:

  • Еденнің астына, шатыр жабындыларының астына және көпқабатты шектеулі құрылымдардың қуыстарына жылу сақтайтындай етіп үю [Rтр = 4,6м2 С◦ Вт кезінде (жабуға арналған) үгіндінің қалыңдығы 0,6 м құрайды];
  • Жазық шатырлардың астына түйетайлы етіп үю;
  • Коммерциялық мақсатта тұрғын жайға жапсарластыра салған үй-жайдың жабындыларын дыбыс өткізбейтіндей етіп тығыздап үю;
  • Құрылғыларды бір-біріне жақындатып, тұтастандыру және даяр бетон өнімдерін қолдана отырып су ұстағыш толтырғыш ретінде пайдалану;
  • Майларды, мұнай өнімдерін қышқыл және сілтілердің төгілген қалдықтарын жою үшін сорбента ретінде қолдану;
  • Әсіресе, жол және әуеайлақ жабындарының, құм қабатының үстіне төселген ұсақ тастар қабатын жылы ұстау және дренаждау;
  • Ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруда суды үй жанындағы аумақтан бұрып жіберетін құрылғы, дренаждық материал ретінде пайдалану.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

Фракция, мм 0-40
Үйінді тығыздығы, кг/м3 (артық емес) 400
Есептелген жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м ◦С 0,12
Беріктігі (цилиндрде жаншу), Мпа (кем емес) 0,5
Жанғыштық тобы НГ

Достарыңызға хабарлаңыз:

X